Қайғылы оқиға 16 желтоқсанда болған.
"Туыстарына бара жатқан": Қостанай облысында жантүршігерлік жол апатынан үш мұғалім қаза тапты
Фото: qostanai.media
737
оқылды

Қостанай облысының Білім басқармасы жергілікті мектептерде жұмыс істеген мұғалімдер қаза тапқанын мәлімдеді,  – деп хабарлайды  Aikyn.kz.

Қайғылы оқиға 16 желтоқсанда болған.

"16 желтоқсанда облыс аумағында болған жол апатынан екі педагог қаза тапқанын өкінішпен хабарлаймыз. Қостанай ауданы Заречный мектеп-лицейінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, сондай-ақ Алтынсарин ауданының «Больше-Чураков» жалпы білім беретін мектебінің педагог-психологы туыстарына бара жатқан кезде «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» тасжолында апаттан қаза тапты. Туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз", - деп хабарлады Білім басқармасының баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, басқарма үшінші педагогтың жеке мектепте жұмыс істегенін хабарлады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.