Атырау облысының Индер ауданына әкім тағайындалды

Серік Нысанбаев 1980 жылы Атырау облысында дүниеге келген.

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновтің өкімімен ҚР Президенті Әкімшілігі және аудандық мәслихаттың келісімімен Индер ауданының әкімі лауазымына Серік Бағытжанұлы Нысанбаев тағайындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Облыс әкімдігінің мәліметінше, ол осы уақытқа дейін Атырау қаласы әкімінің орынбасары қызметінде болған.

Серік Нысанбаев 1980 жылы Атырау облысында дүниеге келген. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «құқықтану» мамандығын тәмәмдаған.

Еңбек өтілі:

2003-2008 жылдар аралығында Атырау қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік-құқықтық және әскери жұмылдыру жұмыс бөлімінің бас маманы;

2008-2017 жылдар аралығында Атырау қалалық әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы;

2017-2022 жылдар аралығында Атырау қаласы әкімі аппаратының басшысы;

2022 жылдан тағайындалғанға дейін Атырау қаласы әкімінің орынбасары лауазымында болды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.