Коронавирус жұқтырған үшінші адам мінген ұшақта 37 қазақстандық болған
Коронавирус жұқтырған үшінші адам мінген ұшақта 37 қазақстандық болған
© inform.kz
190
оқылды
Коронавирус жұқтырған үшінші адам келген ұшақта Қазақстанның 30-дан астам азаматы болды деп мәлімдеді Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов. «12 наурызда Мәскеуден келген рейстің бортында 90 жолаушы болды, оның ішінде 37-сі Қазақстанның, 42-сі Ресейдің, сондай-ақ қалған 11-і басқа елдердің азаматтары», - деп нақтылады министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында. Осы орайда ол Миланнан келген науқас әйел бірден карантиндік шаралармен қамтылғанын атап өтті. «Келген бойда әйелдің Италиядан сапарлағаны анықталды. Осы орайда тиісті тәртіпке сәйкес, карантинге орналастырылды. Зерттеу шараларының аясында тиісті нәтижелерді алдық», - деді министр. Бұдан бұрын хабарланғандай, Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус жұқтырған үшінші адам Миланнан келгенін айтты.