Қазақстандық танымал әнші Индира Расылханның үлкен қызы Айдина сырғалым атанды.
"Күйеуге шығатын уақыты келіп қалғанын байқамаппыз": Индира Расылханның қызына сырға салды
Фото: stan.kz
958
оқылды

Қазақстандық танымал әнші Индира Расылханның үлкен қызы Айдина сырғалым атанды, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.

"Сырға салу дәстүрімізді қайта жаңғыртсақ деген мақсатта, құдаларымызды күтіп, дәстүрімізге сай сый-сыяпатымызды жасап, шығарып салдық. Айдина қызымыз сырғалым атанды. Ұл өсті, қыз бойжеткен осы екен. Күйеуге шығатын уақыттары да келіп қалғанын байқамаппыз. Әр нәрсе өз уақытында деп өзімді жұбатып қоямын. Ендігі шапқылау сол "Ұзату" болмақ. Құттықтауларыңызды жаудырып жіберіңіздерші, жақсыларым! Ақынжанды жақсыларыма құлақтарына алтын сырға. Ұзатуға жақсы сөз керек еді", - деп жазды Индира Расылхан. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.