15 мың АҚШ доллары: Солтүстік Қазақстанда сот төрағасы қылмыс үстінде ұсталды

Бұл туралы Жоғарғы соттың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Солтүстік Қазақстан облысы экономикалық сотының төрағасы 15 мың АҚШ доллары сомасында пара алып жатқанда ұсталды,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл туралы Жоғарғы соттың баспасөз қызметі мәлімдеді.

– Бүгін, 2024 жылғы 19 желтоқсанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен ҚР Сот әкімшілігінің Петропавл қаласы бойынша Ішкі қауіпсіздік бөлімінің бірлескен іс-шарасының нәтижесінде Солтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы Б., соттың мүдделі тұлғаның пайдасына оң шешімі үшін 15 мың АҚШ доллары сомасында ірі көлемде пара алу кезінде қылмыс үстінде ұсталды, – делінген ақпаратта.