«AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалы жанынан қалалық экологиялық жағдайды бақылауда ұстау үшін 5 мобильді топ құрылған.
Тазалық – денсаулық кепілі!
195
оқылды

Президенттің «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында «AMANAT» партиясы әр апта сайын ұйымдастырылатын «Таза бейсенбі» экологиялық акциясын жалғастырады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

19 желтоқсан күні «AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалының ұйымдастыруымен №106 орта мектеп оқушыларына «Тазалық – денсаулық кепілі» тақырыбында дәріс өткізілді. 

«AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалы жанындағы Экологиялық кеңес төрағасы Максим Николайчук пен кеңес мүшесі Балауса Қайырғалиева мектеп оқушыларына «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасының мазмұны туралы, табиғатты қорғай білудің маңыздылығы туралы дәріс оқыды. 

Экологиялық акция тек қоқыс жинаумен шектелмейді. Табиғатты таза ұстаумен қатар, оның ластанбауы үшін өскелең ұрпақтың экологиялық сауатын арттыру қажет. Осындай дәрістер арқылы біз мәселенің салдарымен емес, себебімен күресеміз. 

Естеріңізге сала кетейік, «AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалы жанынан қалалық экологиялық жағдайды бақылауда ұстау үшін 5 мобильді топ құрылған. Әр мобильді топ құрамында Экологиялық кеңес мүшесі, Мәслихат депутаты, Аудандық партиялық филиалдар Төрағалары, Аудандық Атқарушы хатшылар, Партиялық Бақылау комиссиясының және партияның белсенді мүшелері бар.