Қазақстан мен Үндістанның қорғаныс ведомстволарының екіжақты ынтымақтастығы шеңберінде ұйымдастырылған іс-шара 30 желтоқсанға дейін жалғасады.
Қазақстан десантшылары Үнді джунглиінде оқу курсынан өтіп жатыр
Фото: Қорғаныс министрлігі
214
оқылды

Әлемге әйгілі көтерілісшілерге қарсы күрес және джунглидегі соғыс қимылдары мектебінің базасында ұйымдастырылған курсқа Қарулы күштердің Десанттық-шабуылдау әскерлерінің 15 әскери қызметшісі қатысып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

ҚР Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, оқу орны әскери академия мәртебесіне ие және дәстүрлі емес соғыстар кезінде жауынгерлік әрекеттерді зерттеуге және оқытуға мамандандырылған. Ол Джунгли жағдайында көтерілісшілермен және партизандармен күресу үшін үнді әскери қызметкерлерін дайындайды.

– Келгеннен кейін мектеп нұсқаушылары бізді курс бағдарламасымен таныстырды. Біздің топпен өткізілетін сабақтарда көтерілісшілердің шағын топтарын қудалау және торуыл ұйымдастыру бойынша іс-шаралар пысықталды. Практикалық оқыту күндіз-түні Джунгли жағдайында жүргізіледі, – деді Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшысының басқарма офицері капитан Виталий Стефанович.

Оқыту дәрістер, пікірталастар, жағдайлық зерттеулер жүргізуді көздейді. Дене шынықтыруға, рефлекторлық атуды дамытуға және тактикалық әдістерді игеруге көп көңіл бөлінеді.

Тығыз өсімдіктер, шектеулі көріну және тұрақты қауіп-қатер жағдайында жаттығу кезінде әскери қызметшілерге тірі қалуға ғана емес, сонымен бірге ұрыс қимылдарын жүргізуге де үйретіледі. Практикалық іс-шараларға террористердің имитациялары бойынша жауынгерлік оқ-дәрілерді ату кіреді. Бұл нақты ұрыс жағдайларын қалпына келтіруге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, білім алушылар төтенше жағдайларда әрекет етуге және жергілікті тұрғындармен байланыс орнатуға мүмкіндік беретін психологиялық дайындықтан өтеді.

Мүлдем бейтаныс климаттық және географиялық жағдайлар Десанттық-шабуылдау әскерлерінің әскери қызметшілеріне ұрыс қимылдарын жүргізудің жан-жақты тәжірибесін береді.

Бұл Үндістанның әскери қызметшілерімен бірлесіп өткізілген биылғы екінші жаттығу. Мәселен, қазан айында "Сурья" оқу орталығының базасында "ҚазҮнді-2024" оқу-жаттығуы өтті. Оған "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы мен Десанттық-шабуылдау әскерлері әскери қызметшілерінің құрамынан құралған бірлескен рота қатысты.

Қазақстан мен Үндістанның қорғаныс ведомстволарының екіжақты ынтымақтастығы шеңберінде ұйымдастырылған іс-шара 30 желтоқсанға дейін жалғасады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.