Астана қаласында Тәуелсіздік күні қарсаңында ұйымдастырылған «Таза Қазақстан – Таза Астана» байқауы­ның жеңімпаздары марапатталды.
БАҚ өкілдері марапатталды
268
оқылды

Бай­қаудың басты мақсаты – БАҚ өкілдері мен блогерлер арасында өтті және экологиялық мәселелер мен қаланың тазалығын қамтамасыз ету тақырыбын қоғам назарында ұстап, журналистік еңбектерді ынталандыру.

«Байқауға 60-тан астам журналист пен блогер қатысып, 100-ден астам материал ұсынылды. Бұл – «Астана Тазалық» ұйымы өткізген бірінші байқау үшін тамаша көрсеткіш. «Таза Қазақстан» акциясын қолдау мақсатында көптеген материал жарияланды. Бұл – үлкен оқиға және біз мұндай байқауды жыл сайын дәстүрлі түрде өткізуді жоспарлап отырмыз», – деді «Астана Тазалық» ЖШС директоры Замир Сағынов.

Байқау жеңімпаздары келесі номинация­лар бойынша анықталды:  «Үздік телевизия­лық материал»:

І орын — Томирис Біләл, «24 KZ» телеарнасы;

ІІ орын — Карима Садуақас, Qazaqstan телеарнасы;

ІІІ орын — Мөлдір Сыздықбаева, «Хабар» телеарнасы;

ІІІ орын — Ерланова Дильназ, «Астана» телеарнасы.

«Әлеуметтік желілердегі үздік жария­ланым»:

І орын — Тимур Асылханов;

ІІ орын — Назым Болесова;

ІІІ орын — Данияр Сейсенбаев;

ІІІ орын — Аршат Оразов.

«Баспа басылымындағы үздік мақала»:

І орын — Райхан Рахметова, «Астана ақшамы» газеті;

ІІ орын — Кәмила Дүйсенова, Aiqyn газеті;

ІІІ орын — Шернияз Жалғасбекұлы, «Заң» газеті;

ІІІ орын — Бақытбек Қадыр, Egemen Qazaqstan газеті.

«Интернет-басылымындағы үздік жария­ланым»: 

І орын — Мақпал Орынбекқызы (бүркеншік аты: Жібек Есім), Baq.kz;

ІІ орын — Сабина Кәкімжан, Elordainfo.kz;

ІІІ орын — Ләззат Салимова, Nur.kz.

Номинациялардан бөлек, «Астана Тазалық» ЖШС бас директорының атынан «Ең үздік креатив» үшін арнайы сыйлықтар да табысталды.