Ағылшын жазушысы Уильям Макнил The Rise of The West кі­та­бында: «Мемлекет басқару са­пасы қоғамдағы ұйымдасқан топтарға ғана емес жеке тұл­ға­лардың басқару жүйесіне тікелей қатысуына байланысты» деп жазады.
Білікті маман, іскер басшы
382
оқылды

Тәуелсіз Қазақстанның басқару жүйесіндегі мекеме­лер­дің өсіп, дамуына ерекше ықпал еткен факторлар көп болды. Со­ның ішінде мемлекет құры­лы­сы­ның, қоғамдық тұрақтылық және экономиканы жаңа сапа деңгейіне көтеру жұмысына бар орталық мекемелер, министр­ліктер жаңа талаптарға талпы­нып, бұрын болмаған міндеттерді игеруге жұмыла кірісіп кетті. Осы қиын да қызық бейбіт май­данда жаңаша көш бастай алатын білікті мамандар шыға бастады. Солардың бірі – 1996-1998 жыл­дары республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетіне мүшесі болып, ал 2003-2012 жыл­дары осы ор­ганға басшылық еткен азамат Омархан Өксікбаев. 

Мемлекеттік органдарды бас­қарып отырған мамандардың, олардың ынтасы мен қабілетіне байланысты дүниелер көп. Бі­ріншіден мекеме аясында сол органның стратегиялық жоспа­рын белгілеу. Мұндай жұмыста назарға ең бастысы – қоғамдағы осы орган аясында жүріп жатқан жұмыс­тарға, әсіресе олардың нәтижесіне қандай сұраныс бар екенін анықтау. Мұндай жоспар мемлекеттік тұрғыда қандай мін­деттер және қоғам тарапынан қандай сұраныстар бар – бәрі алдын ала анықта­луы қажет. Екін­шіден, Ата Заңға сүйене оты­­рып, қаржы саласындағы өзгерістерді ескере тұра мем­ле­кеттен бөлінген шығын­дардың заңды түрде игерілуін нағыз қа­тал тексеру жұмысын жолға қою. Есеп коми­теті Парламентте қа­былданған Бюджет заңының мүлтіксіз орындалуын бақылау жұмысын ел экономикасының өрлеу қарқынына елеулі ықпал көрсете алуына қарқынды қол жеткізуі өте маңызды мәселе. Үшін­шіден, өркениетті елдерде қалыптасқан тәртіп бойынша қабылда­натын заңдар мен ше­шімдер мемлекеттегі қаржы са­ла­сында жүргізілетін жұмыстар жинақы жұмылған әрі үйлесімді болуын талап етеді. Есеп коми­тетінде сол жыл­дары бюджет саласында бар негізгі әлеу­меттік проблемалар: кедейлік пен жұ­мыссыздық, әлсіз инфрақұры­лым, білім мен денсаулық сақтау болатын. Міне, сондықтан жүр­гі­зілетін жұмыстар нәти­жесі және сапасы мекемені басқара­тын маманның өмірлік тәжіри­бесіне, ең жо­ғарғы деңгейдегі кәсіби біліміне бай­ланысты. Сон­дықтан мемлекетіміздің жаңа құрылымдарының ара­сын­да шоқты­ғы биік осы органды табандай тоғыз жыл басқарған азамат Омархан Өксікбаев білім­ді, тиянақты, сабырлы басшы екенін сол жылдары дәлелдеді.

Есеп комитетінің әр жылдың қоры­тындысы бойынша, Пар­ламент Мәжілісі мен Сенаттың алдында жасайтын баян­дама­сында бүкіл мемлекет аумағында орын алған жетістіктер мен кем­шіліктер туралы егжей-тегжей талдау жұмысының қорытын­дысы айтылады. Міне, бұл – мемлекет дамуына өте зор ықпал көрсе­тетін, ақпараттық жағынан болсын, жаңа заңдарға өзгерістер енгізу жағынан болсын өте ма­ңызды құжат. Оның келесі жыл­дардағы қаржыны тиімді игеру жұ­мысына да көрсететін маңызы жоғары. Сондықтан бұл құжат­тың мазмұнын Есеп комитетін басқарып отырған азаматтың ақыл-ойы, ғылыми және білім дең­гейіне байланыстыруға болады.

Айта кету керек, комитеттің сол кез­дегі өткізген тексерісте­рінің қорытын­дысында анықтал­ған кемшіліктердің басым көп­шілігі әлеуметтік салаға тиесілі болып отырды. Әсіресе, денсау­лық пен оқу мекемелері, мәде­ниет саласына бөлін­ген қомақты қаржылардың көптеген кем­ші­ліктермен және олқылықтармен игерілгендігі анықталып, факті­лермен расталып жатты. Үкімет тарапынан осы кемшіліктерді жою жұмыстары да жақсы қар­қынмен ұйымдастырылды.

Осының салдары болар, Дүниежүзілік банк жаңадан шы­ғарған «Қазақстандағы кедейлік пен теңсіздікті бағалау» тұ­жы­рымдамасында (2024 жылы) айтылғандай, соңғы 15 жылда кедейшіліктің төмендеуі айтар­лықтай болды. Дүниежүзілік банктің мәліметтері бойынша 2006-2021 жылдар аралығында 5,9 миллионға жуық адам ке­дейшіліктен құтылды, кедейлік деңгейі 49,5 пайыздан 8,5 па­йыз­ға дейін төмен­деді. Қазақ­стан­дағы кедейшілікті қысқар­ту табысы ортадан жоғары және жоғары елдер арасында айрықша түрде орын алды делінген. Әсі­ресе, 2006 жылдан 2013 жыл­ға дейін кедейлік 78 пайызға тө­мендеді, өйткені кедейлік деңге­йі 49,5 пайыздан 11,1 пайызға түсті.

Осы кезеңде индустриалды даму және бүкіл экономиканы диверсификациялау бойынша да күрделі тексерулер болды. Себебі бұл бағытпен тығыз байланысты еліміздің алпауыт компаниялары мен қаржыландыру институт­тарына (банкте­ріне) бөлініп және игеріліп жатқан бюд­жет қаражатының көлемі қомақты бо­латын. Ел экономикасының жаңа са­ла­ларын дамыту жоспар­лары қоғамның басқару жүйесін ғана емес, қарапайым көпшілікті де алаңдататын. Сондықтан осы бағдарламаларды жүзеге асыру ке­зінде жіберілген кемшіліктерді сараптау­дың арқасында ілгері жылжи алмай жат­қан рефор­ма­лардың түбірі қайда екенін анықтауға қол жеткізілді. Әрине, қомақты қаржыны игеруге қа­тысқан министр­ліктердің, үлкен холдингтердің лауазымды қыз­меткерлері өз саласындағы жібе­рілген кемшіліктерді ақтап, қо­лайсыз фактілерге себеп болатын факторларды тізбелеп жататын. Міне, осы жұмыста Есеп коми­те­­тінің отырысын жүргізіп отыра­тын басшының білімі мен тә­жірибесі жеткі­ліксіз болса, анық­талған кемшіліктерді дә­лел­деу қиынға соғатын еді. Әри­не, Оме­кең бұл жұмыстың тетігін жақсы мең­герген маман болған соң бюджет қаржы­сының талай тиімсіз игерілген жолдары ор­нық­ты дәлелденді.

Тағы бір айтып кететін жайт, Омархан Нұртайұлы кейіннен өзі Парламент Мә­жілісі депу­таты болып сайланған кезде (2012-2020 жылдар) Есеп коми­тетінің тексеріс нәтижелері ар­қылы анықталған респуб­ликалық бюджеттің негізсіз игерілген ба­ғыттарын талқылау процесіне Парла­мент мінбесі арқылы тіке­лей қатысып жүрді. Омекең Есеп комитетінің күшімен республика экономикасының негізгі са­ла­­ларына заң арқылы бекітілген қаржы­ландыру бағыттары за­манауи методика­лармен сарап­талып, әрбір жіберілген қателік дербес фактілермен дәлелденіп отырылуына да депутат ретінде көп көңіл бөлді. Омархан Нұр­тайұлы – Парламент депутаты ретінде Үкіметтің бюджетті иге­ру жұмысына берілетін баға ақпарат құ­ралдары арқылы қоғам мен халық алдында жария болуына көп тер төккен азамат.

Парламент қабырғасында Омархан Нұртайұлы анықталған олқылықтарға кәсіби баға беріп, стратегиялық бағыт­тарға қатаң бақылау, есептілік пен жауап­кершілік жүйесі керек деген талап қою­шылардың қатарында болатын. Со­нымен қатар осын­дай кемшіліктер қайталанбас үшін қарастырылатын іс-шара­лардың тізбесін мұқият тексе­ретін. Есеп ко­митетінің сол кез­дегі заңдастырылған жұмыс бағыттарын өркениетті елдер қатарына тарту ама­лымен Омар­хан Нұртайұлы комитеттің жұ­мыс бағыт­тарын жаңа кеңей­тілген заңмен бекітуге депутат­тық қолдау көр­сетіп, үлкен жұ­мыс атқарды. 

Әлбетте, жаңа заң дайындап және осы заңнамалы өзгерістерді дәлелдеу үшін Омархан Нұртай­ұлы комитеттің шетелдік қаты­нас­тарына ерекше көңіл бөліп, көптеген өркениетті елдің ауди­тор па­латаларымен бірігіп семи­нарлар ұйым­дастыру тиімді жол екенін дұрыс түсінді. Мұндай шаралар Есеп комитетінің мү­шелері мен қызметкерлерінің білімін кеңейтті, жұмыс бабында пайда­ланатын методикалық әдістемелердің жаңа түрлері іс жүзінде енгізілді. Басқа мемле­кеттердегі әріптестеріміз еліміз­­дің Есеп комитеті бюджет тексе­ру сала­сында өзіндік жолын қа­лыптастырып отыр­ғанына куә болып, жоғары баға беріп жатты. 

Омекең Есеп комитетін бас­қарған жылдары бірнеше үлкен ғылыми конфе­ренция ұйымдас­тырылды. Мұндай шара­ларға келген шетел аудитор палатала­рының басшылары мен қызмет­керлері баяндамалар жасап, бюд­жет тексеру органдарының бо­лашағы мен осы орган­дардың методологиялық даму мәселе­лерін өте жақсы талқылауға са­лып және осы жұмыстың нәти­жесінде еліміздегі қаржы тексеру саласына көптеген ұсы­ныстар кіргізді.

Осындай ауқымды ізденістер мен методологиялық жаңа тетік­тер ғылыми тұрғыдан үйлесімді болуы үшін Омархан Нұртай­ұлының ұсынысымен Есеп ко­митетінің жанында бюджет игеру жұмыс­тарын талдау орталығы құрылды. Бұл орталықта Есеп комитеті ұсынып отырған мето­дологиялық тұжырымдарын мем­лекеттік органдар алдында дәлелдеу тетік­тері қарасты­ры­лып, шетелдік мысалдар­мен қо­сымша бекітіле бастады. Бұл орталықта Есеп комитеті ғана емес, бүкіл өңірлерде орналасқан мәслихаттардың ревизиялық комиссияларының еңбегіне методикалық қолдау көрсетіліп жатты. Осының бәрі осы күнге дейін бүкіл республика бойынша бюджет қаражатын тиімді игеру жұмысына үлкен ықпалын қо­сып, тексеру методологиясын жа­ңа биіктерге көтеруге көмек­тесіп отыр.

Бірге қызмет еткен жылдарда Омархан Нұртайұлының жоғар­ғы деңгейдегі мемлекет қайрат­кері ретінде қалыптасқан, ақылы мен ары халыққа шын ниетімен қызмет етуге бағытталған азамат екеніне көзім жетті. Омекең та­лапшыл, еңбекқор, кішіпейіл басшы екенін көрсете білді. Қыз­мет бабында туындап отырған күрделі мәселеге әріптестерімен, Есеп комите­тінің мүшелерімен, қызметкерлерімен жан-жақты талқылау арқасында ақылдаса шешімге келу Омекеңнің негізгі қағидасы болды. Мемлекет ор­гандары және өңір басшылары­мен бюджет игеру жолдарын жан-жақты сараптап, сабырлы саясат арқасында тиімді ше­шімдер табылып отырды. Оның атқарған жұмыстары мен қол­данған саясаттарының астарын ашу бүкіл қоғамға, әсіресе бола­шақ маман­дарға, өсіп келе жат­қан жас басшыларға қажетті ақ­парат болатыны күмәнсіз.

Төрехан ҚОСЖАНОВ,

экономика ғылымдарының кандидаты