20 желтоқсан күні Алматыда жауған қалың қарға байланысты коммуналдық қызмет күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.
Алматыда қардың қалыңдығы 18 сантиметрге жетті
612
оқылды

Сағат 8.00-ден 22.00-ге дейін қалада 12 см, ал таулы аудандарда 18 см қар жауды, - деп жазады Aikyn.kz.

Мұздың алдын алу үшін жолдарға екі мәрте көктайғаққа қарсы материалдар себілді, бұл жұмыстарға 2450 тонна материал жұмсалды. Бірінші кезең сағат 16.00-де аяқталып, екінші кезең сағат 17.30-да басталды.

Сағат 22.00-ден бастап жолдарды тазарту жұмыстары жүргізілуде, бұл үшін түнде 21 техника колоннасы жұмылдырылған.

Барлығы 603 арнайы техника, оның ішінде 130 құмсепкіш, 70 шағын көлемді арналған машина тротуар, аялдама мен өткелде жұмыс істеп жатыр. Күндіз 1034 жұмысшы, ал түнде 957 адам еңбек етуде.