Ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатының төртінші жарыс күні аяқталды.
Бокстан Қазақстан чемпионаты: жартылай финалистер анықталды
Фото: Olympic.kz
2,450
оқылды

Бокстан Қарағанды қаласында өтіп жатқан ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатының төртінші жарыс күні аяқталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, кей салмақтарда жартылай финалистер анықталды.

51 келі

Қағаз жүзінде осы салмақтағы басты фаворит - Даниал Сәбит Алмас Хинкинді 2-раундта мерзімінен бұрын жеңіп, бабында екендігін көрсетті. 

51 келі. 1/2 финал 

Даниал Сәбит (БҚО)- Ернұр Қайрат (Алматы) 

Бекзат Алдамжаров (Ақтөбе облысы) - Рамазан Нұрлыбаев (Қарағанды облысы) 

60 келі

Ең мықтылардың жолдары жартылай финалда түйіспек. Төрт боксшы да қарсыластарын жайпап келеді. 

60 келі. 1/2 финал 

Серік Теміржанов (Павлодар облысы)- Шыңғыс Мусинов (Ақмола облысы) 

Талғат Сырымбетов (Қарағанды облысы)- Евгений Павлов (СҚО) 

67 келі

Сабырхан Төрехан жекпе-жексіз ширек финалға шықты. Енді ол жастар арасындағы Азия чемпионы Бақтияр Анарбаевпен кездеседі. Одан бөлек, Елнұр Сүйінбай, Санатәлі Төлтаев, Нұржан Аманкелді де айтарлықтай қарсылыққа тап келмеді

75 келі

Бұл салмақта Нұрқанат Райыс, Тимур Нұрсейітов сенімді түрде жартылай финалға өтті.

75 келі. 1/2 финал

Нұрқанат Райыс (Атырау облысы) - Мақсат Өтегенов (Абай облысы)

Тимур Нұрсеитов (Астана) - Бақберген Әлиасқаров (Астана)

80 келі

Ең тартысты салмақтағы боксшылар нокдаундармен көрермендерді сүйсінтті. 75 келіден көтерілген бірқатар спортшылар жүлдеге ие болды.

80 келі. 1/2 финал

Ильяр Аширов (Алматы) - Дәулет Төлемісов (Ақтөбе облысы)

Михаил Коханчик (Қостанай облысы) - Азамат Бектас (Қызылорда облысы)

92 келі. 1/2 финал

Данияр Рахымбердинов (Алматы) - Нұрсұлтан Ернияз (Алматы облысы)

Нурмагамбет Юсупов (Қарағанды облысы) - Мади Әміров (Алматы)

+92 келі. 1/2 финал

Нұрлан Сапарбай(Түркістан обл.) - Нұрасыл Асылхан (Шымкент)

Даниал Сапарбай (Түркістан обл.) - Аманат Сабырғали (Атырау

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.