Алматы облысында көшкін қаупі бар 55 учаске бар.
Төтенше жағдайлар департаменті алматылықтарға маңызды ескерту жасады
3,395
оқылды

Алматы облысының тауларында 23-26 желтоқсан аралығында қар көшкіні қаупі сақталады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Осыған байланысты облыстық ТЖД азаматтардан, туристерден және демалушылардан қар көшкінін тудыруы мүмкін болғандықтан қарлы беткейлерге шықпауды, сондай-ақ таулы жерлерде барлық қауіпсіздік шарасын мұқият сақтауды сұрайды.

– Алматы облысының аумағында Іле-Алатау тауларының оңтүстік беткейінде Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарында көшкін қаупі бар 55 учаске бар. Негізінен қар көшкінінің түсуі температура фонының жоғарылауына және жаңбыр мен қар түрінде мол жауын-шашынның түсуіне байланысты болады, – делінген Алматы облысы ТЖД хабарламасында.