Әуежайлардың құрылысы 2025 жылы басталады.
Қатонқарағайға Астана мен Алматыдан тікелей рейстер қатынайтын болады
865
оқылды

Келесі жылы Қатонқарағайға Алматы мен Астанадан тікелей рейстер қатынайтын болады. Көлік министрлігі Қатонқарағай мен Зайсан бойынша ұшу-қону орындары анықталғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Туристік аймақтарда әуежайлардың құрылысы 2025 жылы басталады. Қатонқарағайда Солдатов деген жерде, ал Зайсанда Сәтбай деген жерде болады. Оcы мақсатта Өнеркәсіпті қолдау қоры арқылы ATR арнайы ұшақтары сатып алынады. 

- Біз тек қана ол жаққа Өскеменнен ұшатын өңірлік ұшу-қону алаңы бола ма кішігірім немесе үлкен жасаймыз ба деп көп ойландық. Толыққанды шешіміміз былай болды. 1000-1500 шақырымға ұша алатын Bombardier Q400 деген Qazaq Air-дің ұшақтары бар. Солардың ұшақтары ұша алатын үлкен ұшу-қону алаңын жасаймыз. Оның ұзындығы 2200 шақырым болады. Сонда Астанадан, Алматыдан тікелей Қатонқарағайға, Зайсанға ұшу мүмкіндігі болады. Өнеркәсіпті қолдау қоры бар, сол арқылы  тағы да ATR-72 ұшақтарын сатып аламыз. Келесі жылы толығымен екі әуежайдың құрылысын аяқтаймыз, - деді Көлік министрі.