ҚазАвтоЖол көлік қозғалысына шектеуге қатысты шұғыл ақпарат жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
“Өнеге-Бисен-Сайқын” республикалық автожолында көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады.
«2024 жылғы 23 желтоқсан сағат 21:30-да Батыс Қазақстан облысында ауа райының бұзылуына байланысты “Өнеге-Бисен-Сайқын” республикалық автожолының 31-103 шақырым аралығында (Бисен ауылы - Сайқын ауылы) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады. Жолды 2024 жылғы 24 желтоқсан сағат 06:00 ашу жоспарланып отыр», - делінген хабарламада.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.