Ресей және Қырғызстан шекарасында ішкі құжатпен өтуге уақытша шектеу қойылды
Ресей және Қырғызстан шекарасында ішкі құжатпен өтуге уақытша шектеу қойылды
© inform.kz
217
оқылды
Қазақстан-Ресей, Қазақстан-Қырғыз шекарасында ішкі құжатпен өтуге уақытша шектеу қойылды, деп хабарлайды  СІМ баспасөз қызметі. Аталмыш шектеу COVID-2019 коронавирусының таралуына байланысты қолға алынған. «Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан-Ресей, Қазақстан-Қырғыз мемлекеттік шекарасын өту кезінде Қазақстан Республикасының азаматтары үшін (жеке куәлік, туу туралы куәлік), Ресей Федерациясы азаматтары үшін (РФ азаматының паспорты), Қырғыз Республикасы азаматтары үшін (ID карта) ішкі құжаттардың қолданылуын уақытша шектеу туралы шешім қабылдады», - делінген хабарламада.