«Болашақ» халықаралық стипендиясы мыңдаған қазақстандық жастың білім алып, әлемнің жетекші оқу орындарынан тәжірибе жинауына жол ашты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бағдарламаның түлектері бүгінде еліміздің әр саласында табысты еңбек етіп жатыр. Солардың бірі – қазіргі таңда IT-өндірістің өсіп-өркендеуі үшін өз үлесін қосып жатқан Нұрсұлтан Қабылқас.
Нұрсұлтан Қабылқас бағдарлама аясында АҚШ-та білім алған. Бүгінде Назарбаев университетінде дәріс береді. Ол тек ұстаздық етіп қоймай, IT саласы бойынша түрлі стартап жобалар ұсынып жүр.
«Біз Қазақстанда ядролық индустрияға арнайы бағдарламаларды жаза аламыз. Біздің компаниямыз соған бағытталады», - дейді ол.
Нұрсұлтанның айналысып жүрген басты бағыттарының бірі –микропроцессорларды өңдеу барысында тестілеу. Ол өте үлкен құрылғы болғандықтан жауапкершілік пен арнайы әдістерді талап етеді. Кейіпкеріміз зертханада микропроцессорлардың сапасын арттыру және тиімділігін тексеру бойынша маңызды жұмыс атқарып жатыр.
«Қазақстан экономикасына әсер ететіндей жобаларды бастап жатырмыз. Стартап, зерттеулер арқылы. Мақсатым – бес-алты жылдың ішінде Қазақстан ядролық индустрияға үлесін қосатындай бір дәрежеге жеткізу», - дейді маман.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.