Бүгін Ақтаудағы ұшақ апаты бойынша брифинг өтті. Жиын барысында қатысушылар қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.
Оларды туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтып, көңіл айтқандардың қатарында билік өкілдері, ТЖМ және басқа да ведомстволардың басшылары болды.
Әзірге іздеу жұмыстарына кинологиялық есептоптар жұмылдырылған. Құтқарушылар арнайы жабдықты пайдалана отырып, тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. Тіпті, Ақтауға Әзербайжаннан құтқарушылар келді.
Осы минуттарда жедел желі телефондарына барлығы 629 қоңырау түсті.