«AMANAT» партиясы Теректі аудандық филиалының партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Әлжан Нұрғалиевтің төрағалығымен өткен Мәжіліске «AMANAT» партиясы облыстық филиалының партиялық бақылау инспекторы Нұрхат Жанбоз, аудан әкімінің орынбасары Қалаубек Теміров, бөлім, құқық қорғау органдарының басшылары, партиялық бақылау комиссиясының мүшелері қатысты.
Күн тәртібі бойынша Теректі аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Қанат Жақыбаев түнгі уақытта арақ-шарап сататын дүкендермен жұмысты, мал бағымының жолға қойылмай тұрғанын тілге тиек етті. Малды еркіне жіберіп, көз салмай қоятын ағайынның ісін ақсуаттық Ләззат Бекішева да растады. Айыппұл сала беру бұл мәселені толық шешпейді. Халық бес-он теңгесін төлеп, қайта ескі әдетке басып тұр. Бақташылардың да табылмай тұрғаны, мал бағуға ешкімнің құлықсыз екені айтылды.
Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Бахтияр Катчеков қысқы жылыту маусымына байланысты өрт қауіпсіздігін сақтау ережелерін, талаптардың орындалуын жік-жікке бөле талдап берді.
Нұрхат Мүтиғоллаұлы әр баяндамашыдан кейін өзінің ұсыныс-пікірлерін айтып, сауалдарын жолдады. Жиынды Әлжан Нұрғалиев түйіндеді. Көшпелі Мәжілісте көшіп-қонған ойларды, талқыға түскен мәселелерді білек сыбана шешуде партиялық бақылау аянып қалмасы анық.