Оқыс оқиғаның салдарынан жас спортшы қаза болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Серік Әли бұзақылар қолынан көз жұмған.
«Алматыдан суыт хабар жетті. Муай-тайдан ересектер арасында чемпион Серік Әли бұзақылар қолынан қаза болды. Чемпионның жақындары мен отбасына қайғыра көңіл айтамыз», – деп жазылған Муай-тай федерациясы жариялаған хабарламада.
Қазіргі таңда күдікті уақытша тергеу изоляторына қамауға алынған.
Марқұм спортшы бар болғаны 17 жасында ересектер арасында муай-тайдан ең жас чемпион болған.