Қанат Бозымбаев ұшақ апатын тергеу Қазақстанның құзыретінде болатынын жеткізді

Қазір бұл іс Бас прокурордың қатаң бақылауына алынған.

Үкімет басшысының орынбасары Қанат Бозымбаев Ақтау маңындағы әуе апатын тергеу жұмыстары Қазақстан юрисдикциясында екенін және Бас прокурордың қатаң бақылауында болатынын айтты.

– Барлық тергеу Қазақстан Республикасының юрисдикциясында болады. Өйткені әуе апаты біздің елде болды, барлық тергеу Бас прокурордың қатаң бақылауына алынды. Бұл туралы Мемлекет басшысы тиісті тапсырмалар берді, – деді Қанат Бозымбаев Ақтау қаласында өткен брифингте.

Қазір тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабының 3-бөлігі – «Көлік құралдарын пайдалану қауіпсіздігі ережелерін бұзу, адамдардың өліміне әкелу» бабы бойынша жүргізілуде. Оқиға орнында тергеушілер, криминалистер және авиация саласының мамандары жұмыс істеп жатыр. Куәгерлерден жауап алынып, қажетті сараптамалар тағайындалып жатыр.