Республика бойынша тұман, батысында – көктайғақ, шығысында және Алакөл көлдері аймағында жел күшеюі күтіледі.
Тұман, көктайғақ, жел: 26 желтоқсанға ауа райы болжамы жарияланды
Фото: istockphoto.com
437
оқылды

"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 26 желтоқсанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қазақстан аумағының басым бөлігі антициклон сілемінің ықпалында болады, осыған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде атмосфералық фронттардың өтуімен қар жаууы, жаяу бұрқасын болжанады. Республика бойынша тұман, батысында – көктайғақ, шығысында және Алакөл көлдері аймағында жел күшеюі күтіледі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.