Ақтауда 25 желтоқсанда апатқа ұшыраған Azerbaijan Airlines ұшағынан аман қалған 29 адам ауруханаға жатқызылды. Солардың бірі – бортсерік Айдан Рагимли, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Апатқа ұшыраған Embraer 190AR ұшағында 5 экипаж мүшесі болған. Олардың үшеуі қаза тауып, екеуі аман қалды.
1999 жылы дүниеге келген Айдан Рагимли Маңғыстау облыстық ауруханасында ем қабылдап жатыр.
Еске сала кетейік, 25 желтоқсан күні Azerbaijan Airlines авиакомпаниясына тиесілі Баку-Грозный бағытында ұшқан Embraer 190AR ұшағы Ақтау қаласының маңында апатқа ұшырады. Ұшақ бортында 67 адам болған, оның ішінде бесеуі экипаж мүшесі.
Сондай-ақ бұған дейін Төтенше жағдайлар министрлігі апатына қатысты мән-жайды баяндап, оқиға орнында ұшақтың конструкцияларын бөлшектеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.