Бүгін Астанадан Ақтауға құрамында хирургтар, травматологтар бар мамандар бригадасымен санитариялық авиация борты ұшады.
Ақтаудағы ұшақ апаты: 28 адам медициналық мекемелерге жеткізілді
Фото:depositphotos.com/soosjozsef
943
оқылды

Ақтау (Маңғыстау облысы) маңындағы жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауы бойынша Денсаулық сақтау министрлігі алдын ала жедел деректер бойынша 28 адам әртүрлі дәрежедегі медициналық мекемелерге жеткізілгенін мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Оларға облыстың ауруханаларында барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Оқиға орнына 23 жедел медициналық жәрдем бригадасы жұмылдырылды. 

Бүгін Астанадан Ақтауға құрамында хирургтар, травматологтар бар мамандар бригадасымен санитариялық авиация борты ұшады.

Айта кетейік, ұшақ бортында 67 адам, оның ішінде 5 экипаж мүшесі болған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.