Елорда әкімі азық-түлік бағасын тұрақтандыру жөнінде кеңес өткізді
Елорда әкімі азық-түлік бағасын тұрақтандыру жөнінде кеңес өткізді
330
оқылды
Елорда әкімі Алтай Көлгінов әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру жөнінде кеңес өткізді. Кездесуге ірі сауда желілері мен базар өкілдері қатысты. Мем­лекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлеу­меттік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын бақылауда ұстауды тапсырды. «Ба­ғаны тұрақтандыру бойынша 2 бағытта жұ­мыс жүргізіп жатырмыз: тұрақтандыру қоры құрылды, сауда желілерін жеңілдікпен не­сиелендіру бойынша жұмыстар жүргізілді. «Айналым схемасы» жобасына Magnum, «Астықжан», «Кенмарт», Small, «Шапағат», «Евразия», «Артем», «Биг Шанхай» сияқты сауда орындары қатысады, сондай-ақ ет пен жарма бойынша жеткізушілер анықталды. Көтерме сауда, делдалдар, кәсіпкерлер және т.б. тарапынан «азық-түлік себетіне» жататын тауарлармен алыпсатарлық болмауы тиіс. Осы бағытта жұмыстар жалғасып жатыр. Бағаны тұрақтандыру мәселесі Мемлекет басшылығының бақылауында», – деді қала әкімі Алтай Көлгінов. Инвестиция және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының бас­шысы Ерлан Бекмұрзаев дүрлігуге себеп жоқ екенін, азық-түлік жеткілікті мөлшерде ба­рын атап өтті. Сондай-ақ елорда әкім­дігі әлеу­меттік нан бағасын ұстап тұру мә­селе­сін қарастырды: тұрақтандыру қорының ұн қоры толықтырылып, қаланың нау­бай­ханаларына қолдау көрсетіліп жатыр. Ауылшаруашылық жәрмеңкелерін өткізу бағаны ұстап тұруға және өнімді нарықтық бағадан төмен сатуға мүмкіндік береді. Ауылшаруашылық жәр­мең­келерінің маусымы «Аспан базар» сауда үйінде басталды, жәрмеңке әр сенбі мен жексенбі күндері сәуір айына дейін өтеді.   Серік ӘЛІМЖАНОВ, Нұр-Сұлтан