Актриса, әнші Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Әбдікәрімова Instagram парақшасында жазба жариялады, – деп жазды Aikyn.kz.
Актриса өткен жылы өмірінде өзгеріс болғанын, енді келер жылдан күтер үміт көп екенін айтқан.
«2024 жылға алғыстан басқа айтарым жоқ. Сыналып, шыңдалдым. Өзгеріп, өзгерттім. Тырысып, немқұрайлық таныттым. Алаңдап, уайымдаттым. Сағындырып, сағындым… Бір ақиқаты болса, ол – өзгеріс. 2025 жылға деген жоспар да, үміт те жетеді, дегенмен бәрі де өз уақытымен, орнымен, жөнімен болса екен», - деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.