Боксшы ауыр жарақат алғаннан кейін ауруханаға жеткізіліп, кейін сол жерде жан тапсырған.
29 жастағы танымал боксшы нокаут алғаннан кейін қайтыс болды
Фото: istockphoto.com
13,377
оқылды

Танзаниялық боксшы Хассан Мгайя қарсыласынан нокаутпен жеңілгеннен кейін жарақат алып, үш күннен соң көз жұмды. Бұл туралы Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) ресми сайты жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.    

27 желтоқсанда Дар-эс-Саламда өткен жеңіл салмақ дәрежесіндегі жекпе-жекте Хассан Мгайя отандасы Пол Элиастан нокаутпен жеңілген. Боксшы ауыр жарақат алғаннан кейін ауруханаға жеткізіліп, кейін сол жерде жан тапсырған. 

"Танзаниялық кәсіпқой боксшы Хассан Мгайя 2024 жылғы 27 желтоқсанда алған нокауттан кейінгі жарақатынан 30 желтоқсанда қайтыс болды. Бүкіл WBC ұжымы және президент Маурисио Сулейман сүйікті чемпионымыздың отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтады", – делінген WBC хабарламасында. 

29 жастағы Мгайя кәсіпқой бокста тоғыз жекпе-жек өткізіп, үш рет жеңіске жеткен. Төрт рет қарсыласына есе жіберіп, екі жекпе-жегін тең аяқтады. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.