Сұхбатта еліміздегі ең өзекті мәселелерге Мемлекет басшысының көзқарасы берілген.
Президент мақаласында 7 маңызды мәселеге тоқталды – Ерлан Саиров
facebook.com
335
оқылды

Мәжіліс депутаты, "АMANAT" партиясының мүшесі Ерлан Саиров Қасым-Жомарт Тоқаевтың мақаласына пікір білдірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

 «Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Ana tili" газетіне дәстүрлі түрде cұхбат беріпті.

Сұхбатта еліміздегі ең өзекті мәселелерге Мемлекет басшысының көзқарасы берілген.

Көптеген қоғам өкілдерін толғандыратын мәселелерге жауап бар.

Соның ішінде еліміздің саяси жүйесіне қатысты айтылған жауаптар өте маңызды.

1.Төтенше жағдайлар қызметі өзінің ұтымдылығын көрсетіп келеді. Ақтауда болған трагедиялы ұшақ опаты біздің қоғамның қиын кезеңде бірігу қабілетін көрсетті.

2. Көктемде болған топан су зардаптарын мемлекет тез және сапалы жойды.

3. Экономика саласында структуралық проблема бар. Үкіметтің экономика блогы әрқашан өзінің біліктілігін көрсетіп отыруы қажет. Дүниежүзі экономикасы турбулентті кезеңге бет алды.

4. Өткен жылы Экономика жылдық өсімі 4 пайыз болды. Бұл Қазақстан үшін жеткіліксіз. Үкіметтің экономика блогы жаңа көзқарас қалыптастыруы қажет.

5. Уақыт бойынша Мәжіліс пен Үкімет наурызға дейін ортақ шешім ойластыруы тиіс.

6. Президент – "Құдайдың жердегі көлеңкесі" емес, мемлекетті басқару үшін белгілі бір мерзімге сайланған тұлға".

7. Өткен Президент Нұрсұлтан Назарбаев жөнінде. Президенттікті тапсырғаннан кейін Н.Назарбаев Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасы лауазымын пайдаланып, "қос билік" синдромын қалыптастырды. Ол өз кезегінде "Қаңтар оқиғаларына" алып келді.

Нұрсұлтан Назарбаев "Кремльмен қосарланған тұлға". Кремльге бара беретіні де сондықтан», – деді Ерлан Саиров.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.