Сонымен қатар бірқатар өңірде жаяу бұрқасын жүріп, жел соғады.
10 қаңтарда тұман түсіп, көктайғақ болады: бірнеше өңірде ескерту жарияланды
Фото: istockphoto.com
817
оқылды

Cиноптиктердің болжамы бойынша, еліміздің бірнеше өңірінде тұман түсіп, көктайғақ болады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Сонымен қатар бірқатар өңірде жаяу бұрқасын жүріп, жел соғады.

Алматы облысының облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ болады.

Алматыда түнде және таңертең кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ болады. 

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын жүреді. Түнде және таңертең облыстың оңтүстік-шығысында тұман. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-18 м/с.

Атырау облысының батысында тұман түседі.

Астанада кей уақыттарда жаяу бұрқасын жүреді. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-18 м/с.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман болады. 

Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың орталығында, шығысында күші 15-20 м/с.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с. 

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. 

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында бұрқасын болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с. 

Абай облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын жүредіі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз Жарма ауданында екпіні 23 м/с. 

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. 

Солтүстік Қазақстан облысының түнде батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұрқасын болады. Облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с. 

Ақтөбе облысының солтүстігінде көктайғақ, тұман болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, 09 қаңтарда күндіз, 10 қаңтарда түнде облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.