Мемлекет басшысы Sinovation Venture жасанды интеллект институтының президенті, доктор Ли Кай-Фуды қабылдады, – деп хабарлайды Аikyn.kz.
Жүздесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев озық технологияларды енгізудің стратегиялық маңызын атап өтті.
Сондай-ақ әлемдегі жетекші сарапшылармен тәжірибе алмасу цифрлық трансформациядағы өршіл мақсаттарға қол жеткізуге ықпал ететінін айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ли Кай-Фу жасанды интеллекті білім, денсаулық сақтау, энергетика және қоғамдағы басқа да түрлі салаларда пайдалану бойынша пікір алмасты.
Қытай мен АҚШ елдерінде жасанды интеллект саласын дамытуда және бағдарламалық өнімдер әзірлеуде бай тәжірибесі бар Ли Кай-Фу Қазақстанның IT бастамаларды енгізу, бәсекеге қабілетті технологиялық экожүйе құру ісіндегі әлеуетін жоғары бағалады.