Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева күйеуін педофилиямен айыптаған блогер Кұлпынай Қалменованың ақпаратына қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Кұлпынай Қалменова блогер күйеуі Қолғанат Жұмабаевтың 10 және 11 жастағы екі қызбен хат жазысқанын жариялады.
Зәкиева адвокат екеуі Кұлпынай Қалменоваға хабарласқанын айтты. Уәкіл бұл мәселе бойынша прокуратурамен жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты.
“Аталған жағдай бойынша мен және заңгер кеше блогермен байланысқа шықтық. Қалалық прокуратурамен бірге процестік шешім қабылдау мәселесі бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Уәкілетті органдармен бірлесе отырып, балалардың құқықтарын қорғау үшін барлық қажетті шараларды қабылдаймыз”, - деді Динара Зәкиева.
Сонымен қатар ол ата-аналаларға бірқатар кеңес берді.
“Ата-аналарды қырағы болуға шақырамын: баланың кіммен араласатынын әрдайым бақылап, оған қауіп-қатерлер, соның ішінде әлеуметтік желілердегі қауіптер жайлы айтып отыру, сондай-ақ 2023 жылдың қыркүйегінде мектептерде енгізілген қауіпсіздік сабақтары аясында қаралатын тақырыптарды талқылау маңызды. Балалардың қауіпсіздігіне қатысты кез келген күмәнді жағдайларды 102 немесе 111 номерлеріне хабарлау қажет”, - деді балалар омбудсмені.
Естеріңізге сала кетсек, танымал блогер Құлпынай Калменова желіде күйеуімен ажырасуына кішкентай қыздармен көңіл жарастырып, педофилизмге бой алдырғаны себеп болғанын айтты. Блогер өз сөзінде барбершопта жұмыс істейтін күйеуі Қолғанаттың телефонынан кішкентай қыздармен жазысқан хаттарын, бірге түскен фотоларын көріп, осындай әрекетке барған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.