Атырау облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
«2025 жылғы 13 қаңтарда сағат 23:20-дан бастап Атырау облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты "Ақтөбе – Атырау – РФ шек." автожолының 621-830 шақырым аралығында (Атырау қаласынан Құрманғазы ауылына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады», - делінген ҚазАвтоЖол хабарламасында.
Жолды 14 қаңтар сағат 04:00-де ашу жоспарланған.
Сонымен қатар Батыс Қазақстан облысында жол жабылды.
13 қаңтар сағат 23:00-да Батыс Қазақстан облысында ауа райының бұзылуына байланысты келесі автомобиль жолдарында көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.
1. «Ақтөбе – Орал – РФ шек. (Сырым ө/п)» автожолының 273-392 шақ., (Барбастау ауылынан Жымпиты ауылына дейін);
2. «Атырау-Орал» автожолының 372-492 шақ.,
(Чапай ауылынан Орал қаласына дейін).
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.