Ел аумағында жел күшейіп, боран соғуы ықтимал. 
Жауын-шашын, көктайғақ: 17-19 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Фото: istockphoto
2,200
оқылды

"Қазгидромет" синоптиктері 17-19 қаңтар күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Мамандардың айтуынша, еліміздің кей өңірлерінде қарлы боран мен көктайғақ күтіледі. 

Оңтүстік өңірлерде күн жылығаннан кейін, республика аумағына Атлант мұхитынан жаңа циклон жақындап келеді. Соның әсерінен бірқатар облыста жауын-шашын болуы ықтимал. 

Қазақстанның батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын болады. Қалған аймақтарда қар жауады.

Оңтүстік және оңтүстік-шығыстағы таулы аудандарда қарлы боран мен қалың жауын-шашын күтіледі.

Сондай-ақ кейбір өңірлерде көктайғақ болады, тұман түсіп, жол қозғалысы қиындауы мүмкін.

Ел аумағында жел күшейіп, боран соғуы ықтимал. Бұл, әсіресе, ашық далалы аймақтарда көру мүмкіндігін нашарлатуы мүмкін.