Ол бұған дейін қазақ Бекзат Алмаханды жеңген болатын.
Әйгілі Хабиб Нурмагомедовтің інісі грузин файтерінен жеңіліп қалды
Чемпионат
1,279
оқылды

Инглвудта (Калифорния, АҚШ) UFC 311 турнирінің басты оқиғаларының бірі аяқталды, деп жазады Aikyn.kz.

Аса жеңіл салмақта әлем чемпионы – грузин Мераб Двалишвили (18-4) титулын қорғау үшін дағыстандық Умар Нурмагомедовпен (17-0) төбелескен болатын.

Бес раундқа жоспарланған чемпиондық жекпе-жек соңына дейін өтті. Төрешілер шешімімен Мераб Двалишвили жеңімпаз деп танылып, өзінің чемпиондық титулын қорғап қалды. Есеп – 48-47, 49-46, 48-47.

Грузин файтері үшін бұл алғашқы титул қорғау жекпе-жегі еді.

Ал, 29 жастағы Нурмагомедов титул үшін алғаш рет төбелесті. Сондай-ақ, ол аралас жекпе-жектегі алғашқы жеңілісіне де ұшырап отыр.

Умар – әйгілі Хабиб Нурмагомедовтің туыс інісі. Ол бұған дейін қазақ Бекзат Алмаханды жеңген болатын. Сондай-ақ, тағы бір қазақстандық – Сергей Морозовты да жеңіліспен үйіне қайтарған.