Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының экс-капитаны Токио Олимпиадасының қола жүлдегері болған.
Қамшыбек Қоңқабаев спорттағы мансабын аяқтады
Ұлттық Олимпиада комитеті
622
оқылды

Қамшыбек Қоңқабаев былғары қолғабын шегеге ілді, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл туралы Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Қайрат Сәтжанов Pluste bol бағдарламасында айта кетті.

Спортшы Париж Олимпиадасынан кейін шаршы алаңға оралмаған болатын. 

91 келіден жоғары салмақта жұдырықтасқан боксшы Олимпиададан бөлек, мансабында екі рет әлем чемпионатының (2017, 2019), үш рет Азия чемпионатының күміс жүлдегері (2017, 2019, 2021) атанды.