Дональд Трамп президент ретінде қызметке кіріскеннен кейін Байденнің шешімін жоятын бірнеше жарлыққа қол қоюға ниетті.
Дональд Трамп АҚШ-тың 47-президенті атанды
Фото: instagram.com/realdonaldtrump
368
оқылды

Дональд Трамп ант қабылдап, ресми түрде қызметіне кірісті. Ол АҚШ-тың 47-президенті атанып отыр. Бұл туралы forbes.ru жазды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Сонымен қатар вице-президент лауазымына Джеймс Дэвид Вэнс тағайындалды. Инаугурацияға бұрынғы президент Джо Байден қатысты. Еске салайық, Трамп төрт жыл бұрын Байденнің инаугурациясына қатысудан бас тартқан еді.

Дональд Трамп президент ретінде қызметке кіріскеннен кейін Байденнің шешімін жоятын бірнеше жарлыққа қол қоюға ниетті.

Ол АҚШ-Мексика шекарасында "төтенше жағдай" жариялауы, Аляскадағы мұнай мен газ өндіруге тыйымды алып тастауы және федералды үкіметте әртүрлілік, теңдік және инклюзия қағидаларын енгізуден бас тартуы мүмкін.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.