Бүгін, 22 қаңтарда Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың өкімімен облыстық Білім басқармасының жаңа басшысы болып Амантай Кумбаев тағайындалды, - деп хабарлайды Aikyn.kz Маңғыстау облысының әкімдігіне сілтеме жасап.
Амантай Кумбаев 1979 жылы туған. Білімі жоғары. 2001 жылы Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін тарих пәнінің мұғалімі, 2020 жылы құқықтану мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2000 жылы «Фемина» ЖШС-де шебер болып бастап, 2012 жылға дейін жеке секторларда жұмыс істеген. 2012-2015 жылдар аралығында Ақтау қаласындағы №10 орта мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары болды.
2015-2020 жылдар аралығында Маңғыстау облысының білім саласындағы бақылау департаментінде жетекші маманы, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы Бақылау комитеті Маңғыстау облысының білім саласындағы бақылау департаментінде оқу сапасын сырттай бағалау бөлімінің жетекші маманы, бас маманы қызметін атқарған.
2020 жылы ҚР Білім және ғылым министірлігі Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Маңғыстау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің Білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің басшысы болған.
2021-2024 жылдар аралығында Қарақия ауданы мен Ақтау қаласы әкімінің аппаратында бас инспектор, Өмірзақ ауылы әкімінің орынбасары, Ақтау қалалық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысы лауазымын атқарған.
2024 жылы Ақтау қаласы бойынша білімі бөлімінің жалпы білім және мемлекеттік қызмет көрсету секторының сектор меңгерушісі, Ақтау қаласы әкімінің аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы болған.