Кейбірі түрмеге отыру үшін қыруар қаржы төлеуге де дайын.
Жапонияда егде жастағы адамдар жаппай түрмеге түсіп жатыр
Фото: mediabrest.by
3,461
оқылды

Кейінгі кезде Жапонияда өз еркімен түрмеге түсуге тырысатын қарттар көбейген,  деп хабарлайды Aikyn.kz CNN-ге сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, Жапониядағы ең ірі әйелдер түрмесі негізінен қарт адамдарға толған. Түрме күзетшілерінің айтуынша, сотталушылар арасында жалғыздық мәселесі өте өзекті, сол себепті олар түрмеде отыруды жөн санайды.

"Кейбірі осында өмір сүру үшін айына 20-30 мың иен (130-190 доллар) төлеуге дайын екенін айтып жатады", – деді әйелдер түрмесінің қызметкері Такаёси Сиранага.

Жапонияда қарттар арасында ең жиі жасалатын қылмыс түрі – ұрлық. 2022 жылы елдегі түрмелерде отырған егде жастағы әйелдердің 80%-дан астамы ұрлық жасағаны үшін сотталған.