Астана қаласы мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Болат Мажағұлов пен оның тоқалы туралы шындықтың беті ашылды, деп жазады Aikyn.kz.
Өзін желіде Ұлпан Бегалиева әрі Болат Мажағұловтың туысы деп таныстырған келіншек оның жеке өмірі мен тоқалы туралы бар шындықты айтты.
«Әлеуметтік желіде Болат Бауыржанұлы мен оның «командасы» оны адамгершілігі мол, заңды сақтайтын, мәдениетті дамытуға мол үлес қосқан азамат ретінде көрсетіп жатыр. Десе де, мәдениетті дамытумен айналысқан адам, шын өмірде мәдениеттен жұрдай болып шықты.
Егер сіз расымен заңға бағынатын адам болсаңыз, онда Анар Жашубаеваның — оның тоқалы, нақсүйері, отбасын әдейі бұзып, мақсатты түрде одан бала тауып алғанын да айтып беріңіз…" - деген автор.
Десе де, ол әлдекімге оған дәті бармайтынын алға тартады.
"Тіпті анаңыз да тоқалыңыз бар екенін мойындай алмады, тіпті ол екі келінін де жек көреді десем, артық айтқаным емес. Алайда, сіздердің отбасыларыңызда әйелді кемсітіп, кекету қалыпты жағдайға айналған.
Егер, шынымен әділдікті қаласаңыз, онда тоқалыңыз Анар Жашубаеваның сіздің заңды некедегі әйеліңіздің барын біле тұра, сотқа келіп алуын қалай түсінеміз?" — деп жазды ол.
Айта кетейік, кеше ғана танымал әнші Мейрамбек Бесбаев Болат Мажағұлов туралы жан терінтер жазба жариялаған.