Балиде отбасымен демалып жүрген әнші Бүркіт ондағы жүргізушілердің, адамдардың жолдағы мәдениеті жайлы сөз қозғады, – деп жазды Aikyn.kz.
"Бали халқының саны шамамен 4 млн. Мына көшенің қиылысында қаншама көлік, мопед. Бағдаршам жоқ. Қалай өтіп жатыр?! Сабырлықпен, тыныштықпен өтіп жатыр, күліп өтеді. Осындай қиылыстар болса бізде баяғыда қырылысып, кептелістің көкесі болар еді. Біздің көлік жүргізушілер, үйренейікші, бір-бірімізді сыйлайықшы", - дейді Бүркіт пен жұбайы Аиша видеода.
Ол Қазақстандағы көлік жүргізушілеріне өтінішін жеткізді.
"Шындық қой. Бізде бір-бірімізді жеп қоюға дайын тұрамыз ғой. Біреудің алдын қиып кетсең, ерінбей жетіп алып, ұрысып, ол да алдыңды қияды. Сабырлық деген бізде мүлдем жоқ болып бара жатыр. Жол әдебі деген бар еді бұрынғы жылдары, қазір одан мүлдем алыстап кеткен секілдіміз. Төбелеске дейін барады. Ұрып, жығып, өзінің дұрыстығын дәлелдегісі келетіндер қаншама… Күлімдеп қарасаң, сені ақымақ көреді басқалар. Ұятты дүниелер көп енді. Өзімізді өзіміз түземесек, ұят болады-ау!", - деп жазды ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.