Румындық фермерлер шығындардың өсуіне байланысты картоп өсіруден бас тартуда, – деп хабарлайды Аikyn.kz. Еuronews-ке сілтеме жасап. Соңғы жылдары тұқым құны екі есеге өскен. Сонымен қатар жұмыс күші де қымбаттап, оны алу қиынға соғуда, сондықтан көптеген фермерлер бұл көкөністі өсіруден бас тартқан.
Ұлттық статистика институтының мәліметі бойынша, 2024 жылы Румынияның картоп өндірісі елде Еуропалық Одақтың картоп фермаларының үштен біріне жуығы болғанына қарамастан, соңғы сегіз жылдағы ең төмен көрсеткішті көрсеткен.
ЕО бойынша орташа өнімділік гектарына шамамен 35 тонна картопты құрайды. Сонымен қатар, Румынияның былтырғы өнімі шамамен 14,8 тоннаны құраған. Құрғақшылық пен аптап ыстық жағдайды одан сайын қиындата түскен.
Диқандардың айтуынша, отандық өнім тұтынушылық қажеттіліктердің жартысын ғана өтейді. Соның салдарынан дүкендер сырттан әкелінген тауарларға толып, бұл бағаны көтеріп жіберген. Базарларда картоптың келісі 5 лейден, яғни шамамен бір еуродан сатылуда.
Еуроодақтың басқа елдері де картоп өсіруді азайтқан. Картоп өсірудің 70% Еуропаның бес елінде шоғырланған, олар Румыния, Франция, Польша, Нидерланды және Бельгия.
Жалпы 2000-2023 жылдар аралығында ЕО картоп өндірісі 27,9 миллион тоннаға қысқарып, 36,7%-ға төмендеген.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.