Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі аяқталған қысқы Азия ойындарында еліміздің спортшылары алғаш рет медаль алған сайыс түрлерін тізіп шықты, – деп хабарлайды Аikyn.kz
Қытай елінде фристайл-акробатикадан рекордтық 11 жүлде салынып, бірнеше жаңа дисциплиналар қосылған еді.
Фристайл-акробатикадан синхронды секіру бәсекесінен Роман Иванов пен Шерзод Хаширбаев дәл осы сайыстан тұңғыш рет жүлде алды.
Фристайл-акробатикадан аралас командалық сайыста 15 жастағы Асылхан Асан, Шерзод Хаширбаев, Аяна Жолдас күміс медальді еншіледі.
Фристайл-акробатикадан синхронды секіру бәсекесінен Ардана Маханова мен Аяна Жолдас қола жүлдегер атанды.
Шорт-тректен 2 000 метр қашықтықтағы аралас командалық сайыста Әділ Ғалиахметов, Денис Никиша, Абзал Әжіғалиев, Мерсаид Жақсыбаев, Яна Хан, Малика Ермек, Алина Ажғалиева, Ольга Тихонова бірінші мәрте жүлдегерлер қатарына кірді.
Конькимен жүгіруден 100 метр қашықтықта Евгений Кошкин мәреге екінші болып жетті.
Конькимен жүгіруден командалық спринт бәсекесінде Надежда Морозова, Кристина Силаева, Дарья Важенина үздік үштікке кірді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз