Ақтаудағы ұшақ апатының салдарын жойғаны үшін қазақстандық құтқарушылар Әзербайжан Республикасы ТЖ министрінің бұйрығымен марапатталды.
Ақтаудағы  ұшақ апаты: Әзербайжанның билік өкілдері қазақстандық құтқарушыларды марапаттады
Фото: gov.kz
474
оқылды

Әзербайжан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-полковник Кямаледдин Гейдаровтың бұйрығына сәйкес қазақстандық құтқарушылар «Әзербайжан әуе жолдары» ұшақ апатының салдарын жойғаны және құтқару операциясына қатысқаны үшін «Ынтымақтастық үшін» төсбелгісімен марапатталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

  Марапаттарды Ақтау қаласында Әзербайжан Республикасының Бас консулы Айхан Сүлейманлы табыстады.

  Қазақстан ТЖМ-ның наградталған қызметкерлері:

- Сейталин Азамат Серікұлы

- Аминов Тимур Владимирович

- Айдаров Қани Манапұлы

- Қараев Саясат Мұсаұлы

- Кенжеғалиев Мәжит Серікбайұлы

- Күлханов Азымбек Шындәулетұлы

- Күзембаев Ербол Ахметұлы

- Меңдібаев Наурызбек Ерланұлы

- Нұғыманов Ардақ Қойшыбекұлы

- Тілеубергенова Айман Мыңбайқызы

  Бұл марапат Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы төтенше жағдайлар саласындағы берік ынтымақтастықты білдіреді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.