Медициналық тексеруден бас тартқандарға жауапкершілік күшейеді
Медициналық тексеруден бас тартқандарға жауапкершілік күшейеді
Фото: Интернеттен алынды
5,218
оқылды
Үкіметке медициналық тексеруден және емделуден, карантиндік режимді сақтаудан бас тартатын адамдарға жауапкершілікті күшейтуді жүктеді. «Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінен қажетті қаражаттарды бөлсін. Медициналық тексеру және емделуден, карантиндік режимді сақтаудан бас тартатын, эпидемиологиялық жағдайды айқындау үшін маңызы бар деректерді жасыратын адамдарға бақылау, сондай-ақ аталған адамдардың жауаптылығының шаралары күшейтілсін. Орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен бірлесіп, Қазақстан Республикасының аумағында COVID-19 коронавирусының таралуын болдырмау мақсатында осы Жарлықты іске асыру жөнінде өзге де шараларды қабылдасын»  делінген Президенттің Жарлығында. Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізу туралы Президент Жарлығы бүгіннен бастап күшіне енді. Айта кетейік, «Республика бойынша төтенше жағдай жарияланса да, азық-түлік дүкендері мен базарлар жұмысын жалғастыра береді» деп хабарлады министрліктен. Сонымен қатар Президент жарлығына сәйкес, ойын-сауық орталықтары, кинотеатрлар мен театрлардың жұмысы тоқтатылып, Қазақстан Республикасына келетін халықаралық ұйымдар делегацияларының мүшелерін қоспағанда ел аумағына көліктің барлық түрлерімен кіруге, сондай-ақ оның аумағынан шығуға шектеу енгізілді.