Алматыда ауруханаға жатудан бас тарту, науқаспен байланыста болғанын жасырған фактілер көбейген
Алматыда ауруханаға жатудан бас тарту, науқаспен байланыста болғанын жасырған фактілер көбейген
Фото: Интернеттен алынды
230
оқылды
Алматыда мамандар 15 наурыздағы жағдай бойынша қаладағы коронавируспен байланысты санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы айтып берді, – деп хабарлайды. Коронавирустың алдын алу мен қарсы тұру жөніндегі өңірлік штаб өкілдерінің айтуынша, Алматыда зертханалық деңгейде расталған коронавирус инфекциясын жұқтырудың 7 жағдайы тіркелген. Қазіргі таңда қалалық қызмет өкілдері арнайы бекітілген «Б» жоспарына сәйкес, сантиралық-эпидемиологиялық іс-шараларды жүзеге асыруда. Бұл ретте вирус жұқтырғандар мен олармен байланыста болғандар туралы толыққанды мәліметтер алу, оларды уақытында оқшаулау – қалада коронавирустық инфекциясы таралуының адын алудың негізі. Осы шараларды жүзеге асыру барысында азаматтар тарапынан ауруханаға жатудан бас тарту, өзімен байланыста болған адамдар туралы мәліметтерді жасыру жағдайлары жиілеп кеткендігі байқалды. Осы ретте олар «Халықтың денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы» заңының 90-бабына сәйкес, азаматтар: өздерінің және айналасындағылардың денсаулығын сақтау шараларын жауапкершілікпен қарап, медициналық мекемелердің талап етуі бойынша тексеруден өтіп, емделіп, дәрігерлерге өзінің инфекциялақ аурулар мен айналасындағыларға қауіп төндіретін өзге де аурулармен науқас екенінен хабардар етуі керектігін ескертті. Ал айналасындағыларға қауіп төндіретін аурумен ауыратындар медициналық тексеру мен емдеуден бас тартқан жағдайда олар Қазақстан заңдарына сәйкес мәжүбрлі түрде тексеріліп, емделеді. Егер айналасына қауіп төндіретін аурумен ауыратын азаматтар және онымен байланыста болған сондай-ақ соның салдарынан профилактикалық емдеуді қажет ететін адамдар, сонымен қатар айналасына қауіп төндіретін аурумен ауыратынын жасырғандар, вирус ошағы мен науқаспен байланыста болғандарды жасыру әрекеттері заң бойынша жауапқа тартылады. Мысалы, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп тудыратын ақпараттарды жасыру ҚР ҚК-ның 305-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Сондықтан Алматы әкімдігі азаматтарға жағдайға жауапкершілікпен қарап, санитарлық-гигиеналық тәртіпті сақтап, аурудың симптомдары анықталған жағдайда өзін-өзі оқшаулау қажеттігін ескертіп отыр.