Halyk Bank кеңесшісі коронавирус жұқтырған – ресми
Halyk Bank кеңесшісі коронавирус жұқтырған – ресми
Фото: Интернеттен алынды
242
оқылды
Halyk Bank ғимаратында жұмыс істеген консультант коронавирус жұқтырған, – деп хабарлайды банктің PR-қызметі. «Банк ғимараттарының бірінде кеңес беру қызметімен айналысқан сыртқы ұйымның қызметкері COVID-19 коронавирусын жұқтырғанынан хабардар етуді жөн көрдік» делінген Halyk Bank хабарламасында. «Денсаулық сақтау министрлігінің әрекет ету алгоритміне сәйкес ауру, сондай-ақ онымен байланыста болған барлық қызметкер қазіргі уақытта оқшауланып, карантинде» делінген ресми хабарламада. «Банк клиенттер мен қызметкерлер денсаулығының барынша қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған бұрын-соңды болмаған шараларды қолға алды. Кеңселік үй-жай мен бөлімшелерді үнемі санитарлық өңдеу жүргізіледі. Банк бөлімшелері мен банкоматтар әдеттегі тәртіпте жұмыс істейді, барлық операция клиенттерге қолжетімді», – деп атап өтті банк өкілдері. Айта кетейік, соңғы рсеми дерек бойынша Қазақстанда коронавирус жұқтырған 9 адам тіркелген: оның екеуі – Нұр-Сұлтан, жетеуі  – Алматыда.