Алматыдан 245 шақырым қашықтықта жер сілкінді
Алматыдан 245 шақырым қашықтықта жер сілкінді
Фото: Интернеттен алынды
194
оқылды
Қазақстан сейсмологтары Қырғызстанда жер сілкінісін тіркеді. Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 245 шақырым қашықтықта Қырғызстан аумағында жер сілкінді. Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы Сейсмикалық стансалар желісінің мәліметінше, зілзала 16 наурыз күні Алматы уақытымен 05 сағат 54 минутта тіркелді. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10.0. Тербелісі – 3.7. Жер дүмпуі Алматыда сезілмеді.