Төтенше жағдай: Нұр-Сұлтанда мекемелер қалай жұмыс істейді?
Төтенше жағдай: Нұр-Сұлтанда мекемелер қалай жұмыс істейді?
Фото: Интернеттен алынды
359
оқылды
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновтің төрағалығымен Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Қаланың азаматтық қорғау қызметтері тәулік бойы күшейтілген қызмет атқару нұсқасына көшті. Қоғамдық тәртіпті, халықтың тыныс-тіршілігін және көліктің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін объектілерді, аса маңызды мемлекеттік және стратегиялық, ерекше режимді, режимдік және ерекше қорғалатын объектілерді қорғау күшейтілді. Сондықтан: – Ірі сауда нысандары мен сауда ойын-сауық орталықтарының жұмыс істеуіне шектеу қойылады, олар сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді (азық-түлік дүкендері мен супермаркеттерді қоспағанда); -Азық-түлік дүкендері, супермаркеттер мен азық-түлік базарлары санитарлық және дезинфекциялық шараларды күшейте отырып, әдеттегі режимде жұмыс істейді. – Киім-кешек базарлары сағат 11.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс істейді. Санитарлық және дезинфекциялық шаралар күшейтіледі. Қоғамдық тамақтану орындарында, сауда ойын-сауық орталықтарындағы фуд-корттар дезинфекциядан өтіп тұрады; – Азық-түлік қауіпсіздігі шараларын тиімді іске асыру қамтамасыз етіліп жатыр, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын жеткізу мен бағаны тұрақтандыру қамтамасыз етілуде; – Қоғамдық көліктер қалыпты режимде жұмыс істейді. Соңғы аялдама пункттерінде автобустар дезинфекциядан өтеді. – Балабақшалар қалыпты режимде жұмыс істейді. Медициналық және санитарлық бақылау күшейтіледі. Баланы апару не апармауды ата-ана өзі шешеді. – Мектептен тыс қосымша білім беру объектілерінің (оқушылар сарайы, шығармашылық сарайлары, аула клубтары, үйірмелер, секциялар, компьютерлік клубтар) қызметі тоқтатылды; сондай-ақ барлық спорт нысандары жабылды. Оқу-жаттығу жиындары, спорт түрлері бойынша жаттығулар, барлық деңгейдегі жарыстар тоқтатылды; – Ойын-сауық, спорттық (көрермендердің қатысуынсыз өткізілетіндерді қоспағанда) және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, салт-дәстүр іс-шараларын өткізуге тыйым салынады; – Кинотеатрлардың, театрлардың, көрмелердің және көңіл көтеру орындарының (түнгі клубтар, караоке, барлар, моншалар, компьютерлік клубтар, фитнес орталықтар, жаттығу залдары, бассейндер) және адамдар көп жиналатын басқа да нысандардың қызметі тоқтатылды; – Мейрамханалардың, дәмханалардың және өзге де қоғамдық тамақтану орындарының жұмыс уақыты 22.00 сағатқа дейін шектелді, бұл ретте бір жолғы адамдардың санын 50-ге дейін шектеу; – Дәмхана мен мейрамханаларда және т.б. жерлерде кальяндарды пайдалануға тыйым салынады – Мекемелерге қызметкерлерін қашықтықтан жұмыс жасау режиміне ауыстыру; Сондай-ақ денсаулық сақтау объектілерінде және қарт кісілер мен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған медициналық-әлеуметтік объектілерде, әлеуметтік оңалту орталықтарында, балалар үйінде, ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған оқу орындарында, интернаттарда санитарлық-дезинфекциялық режим күшейтілді. Оларға келушілерге тыйым салынды. Коронавирус инфекциясы жағдайында оның өршуіне жол бермей, жоюға медициналық объектілердің дайындығы қамтамасыз етілді; коронавирус инфекциясы анықталған жағдайларда науқастарды ауруханаға жатқызу қамтамасыз етілді, медициналық тексеруден өтуге және емделуден бас тартқан, карантин режимін сақтауға бей-жай қарап, эпидемиологиялық жағдайды және басқа жағдайларды анықтауда қолында бар мәліметтерді жасырған кісілерді қадағалау, бақылау күшейтілді.