Коронавирус қаупі: Мемлекет басшысы қазақстандықтарға үндеу жасады
Коронавирус қаупі: Мемлекет басшысы қазақстандықтарға үндеу жасады
279
оқылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел халқына үндеу жолдады. Үндеуді отандық телеарналар көрсетті. "Сақтанғанды құдай сақтайды. Жалған ақпарат таратып, дүрбелең туғызатындар жауапқа тартылады. Біз осы жаһандық кеселге қарсы тұру үшін мықты екенімізді көрсетуіміз керек. Сондықтан бәріміз бір адамдай жұмылып, бір адамдай күресуіміз керек", - деді Президент үндеуінде.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы қазақстандықтарды коронавирустың алдын алу шараларын мұқият орындауға шақырды.
Естеріңізге сала кетсек, ҚР Президентінің Жарлығымен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялауына байланысты азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының аумағында 2020 жылғы 16 наурыз 08 сағат 00 минут пен 2020 жылғы 15 сәуір 07 сағат 00 минут аралығында төтенше жағдай енгізілді. Сондай-ақ Қазақстан азаматтарына 15 сәуірге дейін ел аумағынан шығуға тыйым салынды. https://www.youtube.com/watch?v=5kIU9Y3FSR4&feature=emb_logo