9-15 сәуір аралығында Ұлыбританияның Дамфрис қаласында шайбалы хоккейден әйелдер арасындағы әлем чемпионатының IB дивизионы өтеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Федерацияның баспасөз қызметі мәліметінше, Қазақстан құрамасы IA дивизионына жолдама алу үшін Оңтүстік Корея, Италия, Ұлыбритания, Латвия және Словения командаларымен бақ сынайды.
Төменде Қазақстан құрамасының ойын кестесі көрсетілген:
- 09.04.2025, 17:00 (барлық ойындар Астана уақытымен) – Қазақстан-Оңтүстік Корея
- 10.04.2025, 17:00 – Италия-Қазақстан
- 13.04.2025, 00:00 – Қазақстан-Ұлыбритания (13 сәуірге қараған түні).
- 13.04.2025, 20:30 – Латвия -Қазақстан
- 15.04.2025, 17:00 – Словения-Қазақстан
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.