Eastar Jet Алматы мен Инчхон арасындағы рейсті іске қосады.
7 сәуірден бастап халықаралық жаңа рейс ашылады
Фото: istockphoto
872
оқылды

Оңтүстік Кореяның Eastar Jet әуекомпаниясы Инчхон мен Алматы арасында жаңа рейс ашады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Маршруттың іске қосылуы еліміздің тартымдылығының артуын және өңірдегі дамып жатқан туристік бағыт ретінде позициялардың нығаюын көрсетеді.

2025 жылдың 7 сәуірінен бастап Инчхон-Алматы бағытындағы рейстер аптасына 2 рет орындалады: дүйсенбі және жұма күндері. Оңтүстік Кореядан ұшу уақыты сағат 19:30, Қазақстанға сағат  22:45 келеді. Кері рейс Алматыдан сағат 23:45-те аттанады және келесі күні сағат 9:50 Инчхон қаласына жетеді. Бұл – Eastar Jet әуекомпаниясы үшін ең ұзын бағыттардың бірі.

Билеттер құны 199 000 воннан басталады. Рейстер B737-8 әуекемелерінде жүзеге асырылады. Жаңа рейстің іске қосылуы Қазақстанға туристік бағыт ретінде қызығушылықтың артуын көрсетеді.

Өткен жылы Оңтүстік Кореядан біздің елге келушілер қатары 10%, 40,2 мыңға жуық адамды құрады. Оңтүстік Астана халықаралық туристер үшін сұранысқа ие бағытқа айналуда. «Алматының шетелдік жұмысшылар мен этникалық корейлер тарапынан рейстерге сұраныс есебінен ғана емес, сонымен қатар туристік тартымдылығының арқасында да үлкен өсу әлеуеті бар. Қала Тянь-Шань тауларының айналасында орналасқан әдемі табиғат көріністерімен мақтана алады. Қала «Азиялық Альпі» деп атанған туристік бағыт және треккинг, жаяу серуендеу, парапланеризм және шаңғы тебу үшін «Белсенді демалыстың жүрегі» ретінде белгілі»,  деп astar Jet авиакомпаниясының өкілдері атап өтеді.

Атап өткен жөн, Kazakh Tourism Оңтүстік Кореяның Туризм индустриясы өкілдерімен ынтымақтастықты дамытуда. Өткен жылы екі елдің жетекші туроператорлары арасында B2B кездесу  өткізілді. Биыл оңтүстік астана мен Алматы облысы бойынша таныстыру турын ұйымдастыру жоспарлануда.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.